Қарағанды облысының әкімі есеп берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының әкімі есеп берді

26.10.2014
Қарағанды облысының әкімі есеп берді

Қазақстан өнеркәсібінің қара шаңырағы – Қарағанды облысы. Минералдар мен шикізатқа бай, аумағы мен өнеркәсіптік әлеуеті бойынша бұл елдегі ең ірі өңір. Облыс бюджеті соңғы 3 жылда 40 пайызға өскен.

Ал, индустриалды картаға енген 80 жобаның 37-сі толық қуатына шықты. Нәтижесінде 50 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. 15 жобаның жұмысы 50 пайызға аяқталды.

Ал, биыл ұзын саны 10 жоба жүзеге асады. Астанаға аймақтағы жаңалықтармен бөлісуге осы апта облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков келді. Өңірде индустриалды карта аясандағы жобалар жүйелі. Ол даусыз. Бар кәнірат олардың орналасуында.

Орталыққа шоғырланған жобалар көп, шалғайларда некен-саяқ. Кей елді мекендерде тіпті бірде-бір жоба жоқ. Ауылдарға зауыт, фабрика неге салынбайды? Неліктен индустриалды картаға енген үш бірдей жемісті болады деп жоспарланған жоба тұралап тұр? Әкім жауап берсін.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:

Жоба ретінде жаңа ұшақ шығаратын болған, алайда, ұшақ шығармай жатыр. Оның тиісті кедергісі бар. Пархоменко атындағы зауыт  жоба бойынша ірі металдан құятын заттарды шығаратын болып жатқан, оны сертификациядан өткізе алмай жүр.

Өңірдің әлеуметтік ахуалы да мәз емес. Облыста онкологиялық аурулар көбейген. Және жас босанған келіншектердің сәбилері шетіней береді. Жыл басынан 150-дей шарана қаза болды.

Қарағандыда соңғы үш жылда бір де бір балабақша салынбапты. Өңірде ұлтқа деген қамқорлық осындай. Әкім енді жылына 3 балабақша саламыз деп сендірді. Ол уақыт еншісінде.

Хабарламаларға жазылу