Шәміл Әбілтаев, Дулат Исабеков және Уәлихан Қалижанов Елбасы қабылдауында болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шәміл Әбілтаев, Дулат Исабеков және Уәлихан Қалижанов Елбасы қабылдауында болды

30.03.2014
Шәміл Әбілтаев, Дулат Исабеков және Уәлихан Қалижанов Елбасы қабылдауында болды

Алмазбек Атамбаевпен болған кездесуден соң, Елбасы Алматыдағы резиденциясында жазушы Дулат Исабековті, Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижановты, сондай-ақ, күйші Шәміл Әбілтаевты қабылдады.

 
Емен-жарқын әңгіме кезінде Елбасы мен Дулат Исабеков мәдениет пен әдебиеттің жай-күйін талқылады. Жазушы кейінгі уақытта жазған туындылары мен жоспарлары туралы баяндады.
 
Бір аптадан соң Лондонда жазушының ағылшын тіліндегі кітабының тұсаукесері және «Өкпек жолаушы» пьесасының премьерасы өтеді. Ал, Уәлихан Қалижанов Президентті Әдебиет және өнер институтының бүгінгі қызметінен хабардар етті.
 
Ал, дәулескер күйші Шәміл Әбілтаев Президенттің алдына базарлықпен барды. Елбасының Теміртауда жұмыс істеп жүрген шағында шығарған «Шұбар ат» өлеңі негізінде жазылған әнін орындап берді.
           
Қазақ өнеріне алпысыншы жылдары құбылыс болып келген күйші Шәміл «Қазақстан - Нұрсұлтан» деп аталатын күй-портретін де орындады. Бұл туындыға композитор жеті жылын арнапты.

Хабарламаларға жазылу