«100 жаңа оқулық» сыр еліне жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«100 жаңа оқулық» сыр еліне жеткізілді

25.05.2018

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылған 18 кітап таныстырылды. Жаһандық бәсекеге бейімделген мамандарды даярлауда терең мазмұнды бұл оқулықтардың маңызы зор. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтқандай, елімізге  инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсінетін білікті гуманитарлық сала мамандары да аса қажет. Бұл орайда, тарих, саясаттану, философия, педагогика және филология ғылымдары бойынша студенттерге лайықты білім беру үшін қажетті жағдай жасалуда. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасына Ұлттық аударма бюросынан 3540 дана кітап жеткізілді.

Аман Абасилов, филология ғылымдарының кандидаты:

- «Тіл біліміне кіріспе» оқулығы бұл жаңа бір бағытта жазылған. Оқулық өте кең көлемдегі мәліметтерді қамтығандықтан, мұнда артында 700 терминнен тұратын глоссарий берілген және олардың бәрі қазақ тіліне аударылған. Бұл қазақ тіліндегі термин жүйесінің де жүйеленуіне, оның қалыптасуына өз әсерін тигізеді деп санаймын.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу