Бұл туралы «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы Қарағандыда өткен жұмыс тобының отырысында айтты. Тарихшылар, өлкетанушылар және мәдениет саласының өкілдерінен тұратын мұндай топтар барлық өңірде жұмыс істеуде. Әр облыс өзінің киелі орындары туралы ұсыныс жасаған. Бұл бастама Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында көзделген мақсаттарды жүзеге асыру аясында қолға алынып отыр.
Берік Әбдіғали, «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығының басшысы:
- Бұл қазақтың киелі рухани құндылықтарын насихаттау үшін жасалып жатқан карта. Әрбір ескерткіштің өзінің аңызы бар. Сол арқылы насихаттаймыз. Сондықтан, ертең тізім бекітілгеннен кейін, оны тәлімдік, тәрбиелік туризмді дамытады деген бағдарлама ойда тұр. Онымен бүкіл мемлекет болып, министрліктер, әкімдіктер болып айналысады. Ол жас ұрпақты тәрбиелеу үшін керек, жалпы, туризмді дамыту үшін жол ашылады.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ