Аша Матай: Арман салмақты болса, мен де өзімді салмақты ұстаймын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аша Матай: Арман салмақты болса, мен де өзімді салмақты ұстаймын

19.09.2018

Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары, әнші Арман Қоңыр мен Аша Матай «Түнгі студия» бағдарламасына қонаққа келіп, шығармашылықтағы жаңалықтарымен бөлісті.

«Шығармашылықтағы жаңалығым – жеке әнші ретінде шыға бастадым. «Mysterions»-пен, Ашамен бірге дуэт айттым. Қазір осы сахнада жаңа әнімді орындаймын»,-дейді Арман.

Арман Қоңыров соңғы уақытта сазгерлік қабілетімен де танылып, бірнеше әндерді жазған. Ол туралы былай дейді: «Әнді жалғыз шығармаймын. Командамен бірге жасаймыз. Әрлеуші жігіттермен бірге жасаймыз. Сол кезде өзімнің үлесімді қосамын. Қайырмасын шығарамын».

Ал тұрмысқа шыққан Аша отбасылық өмірдегі өзгерістер туралы айтып берді: «Тұрмысқа шыққан соң өзгердім. Өзімді салмақты ұстайтын болдым. Жас кезде ойыңды ашық айта саласың. Тұрмыс құрып, балалы болған соң ол әйелге жараспайды деп ойлаймын. Әр кезде ерлі-зайыптылар бір-біріне тартылады ғой. Арман салмақты болса, мен де өзімді салмақты ұстаймын. Ал Арман ашылып, әзілдейтін болды»,-дейді.

Хабарламаларға жазылу