Президент Жарлығы – саяси жаңғырудың салмақты шешімі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Жарлығы – саяси жаңғырудың салмақты шешімі

10.06.2021

Адам құқықтары мен бостандықтарын, мүдделерін қорғау - Қазақстан саясатының қуатты бөлігі. Президент Жарлығы бұл жауапты шешімнің салмағын арттыра түсті. Мемлекет басшысы: «Адам құқықтары саласындағы нақты шараларды одан әрі жүзеге асыру – саяси жаңғырудың маңызды кезеңі»,- екенін атап өтті. Ал азаматтардың құқықтарын қорғайтын заңгерлер, қоғам белсенділері: «басты құндылыққа құрметпен қарауды бағдарлайтын құжат болды»,- деп отыр. Еліміз тәуелсіздік жылдары адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында, демократиялық институттарды нығайтуда маңызды жетістіктерге жетті. Әлемдік тәжірибеге сай озық заңнама жүйесі енгізіліп келеді. Дегенмен, Президент жарлығы - маңызды саланың нәтижелі жұмыс істеуінің берік іргетасы болмақ.

Марат Башимов, заңгер, ұлттық қоғамдықсенім кеңесінің мүшесі:
Президент көңіл бөліп, тура айтты: Үкімет қазіргі кезде заң жобасын шығару керек та, нақты түрде бәрін жазып беру керек. Қалай осы механизмді іске асыру керек?  Осындай нақты түрдегі шаралар қазір біздің адамдарға, мемлекетке, қоғамға бәріне керек болып тұр.
Аида Әлжанова, «Adam damu» қоғамдық қорының төрағасы:
Президент Жарлығы алдымызға мақсат-міндеттер қойды. Енді нақты жоспар бойынша адам құқықтары реттеледі. Тағы бір маңызды тұсы: бізде стратегиялық бағдарламалар жеткілікті. Оның жүзеге асуы ақсап жатады. Сондықтан біздің азаматтық қоғам енді әр шешімнің қабылдануына ат салысып, өз құқықтарын қорғайды деген ойдамын.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу