Зүлфия Чиншанло: Инчхонда кеткен есені Алматыда қайтарамын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зүлфия Чиншанло: Инчхонда кеткен есені Алматыда қайтарамын

23.09.2014
Зүлфия Чиншанло: Инчхонда кеткен есені Алматыда қайтарамын

Қазақстандық зілтемірші Зүлфия Чиншанло XVII Азия ойындарында ауыр атлетика бойынша 53 келі салмақта күміс жүлдегер атанды.

«Жалпы, нәтижеме көңілім тоқ. Лондон Олимпиадасынан кейін менде біраз уақыт үзіліс болды. Сол себептен болар күміс жүлдегер атанғаным. Енді, бірнеше күн тынығып, Әлем чемпионатына дайындығымды пысықтаймын. Инчхонда жіберген есемді, Алматыда өтетін Әлем біріншілігінде қайтарамын», - деді Зүлфия Чиншанло.

«Шыны керек, мен 137 келі салмақты көтеруге дайын емес едім. Тіпті, бұл салмақты биыл жаттығу залында да көтерген емеспін. Әлем чемпионаты басталғанға дейін менде уақыт бар, сондай-ақ, бірнеші кіші турнирлерге қатысамын. Сол кезде осы салмақты бағындыруға тырысып көремін», - дейді Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Фото: vesti.kz

Хабарламаларға жазылу