Елбасы «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументін ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументін ашты

17.12.2016
Ел тарихындағы салмақты оқиғаларды еске салып тұратын осындай ескерткіштер орнату әлемде қалыптасқан дәстүр.

Дәл мереке күні Астананың төріне Тәуелсіздігімізді тұғырлы ете түсетін тағы бір қазық қағылды. Елбасы «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» Монументін ашты. Ел тарихындағы салмақты оқиғаларды еске салып тұратын осындай ескерткіштер орнату әлемде қалыптасқан дәстүр.

Ал, Астанада тұрғызылған монумент ел рухын қалғып кетуден сақтап тұратын тамаша сәулет өнері болмақ. Тағы бір ұтымды тұсы – ескерткіштің EXPO аумағына қойылуы. Бұл – халықаралық көрмеге келетін шетелдіктерді елімізбен етене таныстыруға туатын тамаша мүмкіндік.

Айбар ТӨЛЖАН

Хабарламаларға жазылу