Біздің Тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктеріміз кез келген дағдарыстан салмақты және бағалы - Елбасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біздің Тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктеріміз кез келген дағдарыстан салмақты және бағалы - Елбасы

29.01.2016
Біздің Тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктеріміз кез келген дағдарыстан салмақты және бағалы - Елбасы

Біздің Тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктеріміз кез келген дағдарыстан салмақты және бағалы.

Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезінде Елбасы - партия төрағасы Н.Назарбаев осылай деді.

«Әр дәуірдің өзінің белгісі бар. Біз түрлі кезеңдерден өттік. Болашаққа сеніммен қарап келе жатқан халықпыз. Сондықтан, қазіргі әлемдік қиын кезеңнен де өтеміз деген сенімдемін. Сенімімізді ешқашан жоғалтпауымыз қажет. 

Тарихтан үйренген тәлім-тәжірибеміз де жеткілікті. Біздің Тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктеріміз кез келген дағдарыстан салмақты және бағалы», деді Елбасы.

Айта кетейік, жиынға мемлекеттік басқару органдары, ұлттық холдингтер, білім, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері, дипломатиялық корпус, үкіметтік емес және жастар ұйымдары өкілдерінен құралған екі мыңнан аса делегат қатысуда.

Хабарламаларға жазылу