Ерлан Орынбасаров: «Жүрегім» атты бейнебаянның режиссерлік жұмысын өзім атқардым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Орынбасаров: «Жүрегім» атты бейнебаянның режиссерлік жұмысын өзім атқардым

06.06.2018

«Түнгі студия» бағдарламасында қазақ эстрадасындағы белгілі жұп Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышева қонақ болды.

Жұлдызды дуэттің жақында «Жүрегім» атты бейнебаяндары жарық көрген болатын.

«Жақында бейнебаян түсірдік. Бейнебаяндардың түсірілімін көріп, қарап жүрміз, неге бұл жолы өзіміз түсіріп көрмеске деп ойладық. Алғашқы тұсаукесерін «Qazaqstan» Ұлттық арнасында жасадық. Режиссерлік жұмысын толықтай өзім атқардым»,-дейді Ерлан Орынбасаров.

«Тек қана режиссерлық қырымды емес, интернеттен біраз сабақтар қарап, операторлық жұмыстарды да меңгеріп алдым»,-деп сөзін жалғады әнші.

Ал, бейнебаянның желісі туралы айтқан Баян Нұрмышева: «Ерлан біз орындайтын туындылардың әнін, сөзін жазады, өңдеуіне міндетті түрде өзі атсалысады. «Жүрегім» атты ән де Ерланның жүрегінен шыққан. Оның оқиғасы екеуміз екі бөлек әнші болып жүрген кезден басталады. Мен басқа қалада, ол басқа қалада гастрольдік сапарда жүрген кездегі бір-бірімізге жазған хаттарымыз, телефон арқылы болған әңгімелеріміз осы әнде баяндалады»,-дейді.

 

Хабарламаларға жазылу