«МузАРТ Live»  мегажобасының финалисі Иса Әлимұсаев: Халықаралық байқауларда елімнің атын танытқым келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«МузАРТ Live»  мегажобасының финалисі Иса Әлимұсаев: Халықаралық байқауларда елімнің атын танытқым келеді

23.03.2017

«Таңшолпан» төрінде «МузАРТ Live»  мегажобасының финалисі Иса Әлимұсаев қонақта болып, жаңалықтарымен бөлісті. 

Ол алдағы 1-2 күнде «Жұлдыз шығармыз» атты әніне жаңа бейнебаянның шығатынын жеткізді. «Туындыны халық көріп, бағасын берер», дейді әнші.

Сонымен қатар, жас өнерпаз алдағы уақытта  халықаралық байқауларға қатысуға мүмкіндік туып жатса, Қазақстанның атын әлемге танытқысы келетіндігін жеткізді.

Бағдарлама  барысында  әнші қонақкәде ретінде «Қалың малың қанша?» әнін орындап, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Хабарламаларға жазылу