М. Әуезов театры республикалық «Ашық сахна» атты байқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

М. Әуезов театры республикалық «Ашық сахна» атты байқау жариялайды

26.09.2014
М. Әуезов театры республикалық «Ашық сахна» атты байқау жариялайды

М. Әуезов театры жаңа режиссерлік жобалардың республикалық «Ашық сахна» атты байқау жариялайды. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлайды.

Байқаудың мақсаты - театрға жаңа буын режиссерлердің келуіне және белгілі есімдердің шығармашылық әлеуеттерінің жаңа қырынан ашылуына мүмкіндік тудыру. Жаңашыл идеяларды қолдау – жаңа шығармаларға, сондай-ақ белгілі драматургиялық шығармалардың жаңаша интерпретацияларына жол ашу.

Байқау екі кезеңнен тұрады:

1) режиссерлік жобаларды ұсыну -1 желтоқсанға (2014ж.) дейін
2) таңдалып алынған жобаларды қорғау – 1-10 желтоқсан аралығында (2014ж.)

Байқау нәтижесі 2014 жылдың 16 желтоқсанында шығады.

Байқау қорытындылары бойынша ең үздік деп танылған жоба режиссеріне спектакль қою ұсынылады және фестивальдарға қатысу мүмкіндіктері қарастырылады. Сондай-ақ, сәтті деген жоба театрдың перспективалық жоспарына енгізіледі.

 

Хабарламаларға жазылу