«Таңшолпанда» Руслан Мамытовтың «Сен кеттің бе?» әніне түсірген бейнебаянының тұсауы кесілді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» Руслан Мамытовтың «Сен кеттің бе?» әніне түсірген бейнебаянының тұсауы кесілді (ВИДЕО)

07.10.2015
«Таңшолпанда» Руслан Мамытовтың «Сен кеттің бе?» әніне түсірген бейнебаянының тұсауы кесілді (ВИДЕО)

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында әнші, композитор Руслан Мамытовтың «Сен кеттің бе?» әніне түсірген бейнебаянның тұсауы кесілді.

«Шығармашылығымда жаңалық өте көп. Алғашқысы – осы бейнебаян. Түсірілім Алматы қаласы мен Ыстық көлдің жағасында өтті», - дейді ол.

Сондай-ақ, әнші Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған әні туралы әңгімеледі.

«Жақында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ән жаздық. Асхат Қылышбековтың сөзіне жазылған «Біз – қазақпыз!» әні дүниеге келді. Сонымен қатар, жаңа «Қандастарым-ай» әніне  бейнебаян түсіруді жоспарлап жатырмыз», - деді Руслан Мамытов.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тамашалай аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу