Азамат Сатыбалды «Theatre 28» театрымен еліміздің барлық қаласын араламақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азамат Сатыбалды «Theatre 28» театрымен еліміздің барлық қаласын араламақ

03.03.2018

Танымал кино және театр актері, қазіргі уақытта продюсерлікті де қатар алып жүрген Азамат Сатыбалды «Theatre 28» театрымен бірге елордаға арнайы ат басын бұрып, қала тұрғындары мен қала қонақтарына «Войцек» атты жаңа спектаклін ұсынбақ.

Бұл туралы актер «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

 «Астанадан бастадық, 7-8 наурызда Қостанайда, одан кейін Қазақстанның барлық қалаларын аралап шықсақ, одан кейін үш мемлекеттен фестивальге шақырту алдық. Түркияның Анталья қаласындағы фестивальге, одан кейін Ресейге. Сонымен қатар,  Лондонда және Еуропаның басқа да қалаларында турне жасауға Еуропадан үлкен хабар күтіп отырмыз. Бұл келісімшарт негізінде болады».

Қойылымның режиссері – Дина Жұмабай.

Спектакль Астанада 4-5 наурыз күндері «Жастар» театрында өтеді.

 

Хабарламаларға жазылу