Мүмкіндігі шектеулі балалардың республикалық фестивалінің бірінші іріктеу кезеңі 5 сәуірде басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүмкіндігі шектеулі балалардың республикалық фестивалінің бірінші іріктеу кезеңі 5 сәуірде басталады

26.03.2016
Мүмкіндігі шектеулі балалардың республикалық  фестивалінің бірінші іріктеу кезеңі 5 сәуірде басталады

«BI Жұлдызай» балалар шығармашылығының республикалық  фестивалі жыл сайын Қазақстанның барлық өңірлерінің балаларын біріктіреді. Фестивальдің негізгі мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылығын дамыту.

11 жыл ішінде оған 36 583 балалар қатысты.

Биылғы жылы бірінші іріктеу кезеңі 5 сәуірде басталады. Қазылар алқасы құрамындағы қор жетекшілері мен эстрада жұлдыздары еліміздің 16 қаласын аралап шығады. 

Аралық қорытындылар мен жеңімпаздар плэнері республикалық «Балдәурен» балалар лагерінде өткізіледі.

Екінші іріктеу турына өткен қатысушыларды қызық мазмұнды бағдарлама - еліміздің басты сахнасында өнер көрсету, шеберлік сыныптары, экскурсиялар, көрмелер, танымал отандық жұлдыздармен кездесу және тамаша мерекелік атмосфера күтіп тұр. 

Балалар шығармашылығының республикалық фестивалі дәстүр бойынша 1 маусым - Балаларды қорғау күні «Қазақстан» Орталық концерт залында қорытындыланады.

Айта кетейік, 28 наурыз, сағат 15.00-де ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде фестивальдің басталуына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

 

Хабарламаларға жазылу