«Рэкетир-2» фильмiнің алғашқы көрсетілімі мамыр айында өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Рэкетир-2» фильмiнің алғашқы көрсетілімі мамыр айында өтеді

28.03.2015
«Рэкетир-2» фильмiнің алғашқы көрсетілімі мамыр айында өтеді

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың криминалдық драма жанрындағы «Рэкетир-2» фильмiнiң түсiрiлімі аяқталды.

Туындының алғашқы көрсетiлiмi ел кинотеатрларында 28-мамырдан басталмақ.

Киноның түсiрiлiмі Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында өттi.

Фильмде Саят Исембаев, Әсел Сағатова, Фархад Әбдірайымов, Жан Байжанбаев, Азамат Сатыбалды, Дәстен Шәкіров, Аян Өтепберген, Аружан Жазылбекова және Максим Акбаров ойнайды.

Сценарий авторы: Тимур Жақсылықов.

Еске сала кетейiк, «Рэкетирдiң» алғашқы фильмi 2007 жылы жарыққа шыққан.  

Хабарламаларға жазылу