Басты Жаңалықтар «Үздік актер» - Азамат Сатыбалды

«Үздік актер» - Азамат Сатыбалды

«Үздік актер» - Азамат Сатыбалды

«Қазақстан» РТРК» АҚ 2013/2014 телевизиялық маусымының жыл үздіктерін анықтады. «Жыл таңдауы-2014» байқауында «Үздік актер» Азамат Сатыбалды деп танылды. Марапатты «Нұрмедиа» холдингінің бас директоры Жанай Омаров табыстады.

Азамат Сатыбалды - «Қара шаңырақ» телехикаясында басты рөлді сомдаған. Сондай-ақ, ол бұған дейін «Қазақстан» Ұлттық арнасынан көрсетілген «Парыз» телехикаясына түскен.

Айта кетейік, «Жыл таңдауы» - отандық телеиндустрияның үздіктерін марапаттауға арналған алғашқы шара. Жеңімпаздар «TNS Central Asia» компаниясының зерттеуі негізінде анықталды.

Бөлісу