Ян Лира «Silk Way Star» сахнасында аналарға ән арнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ян Лира «Silk Way Star» сахнасында аналарға ән арнады

03.12.2017

Кезегін күткен келесі үміткер суперхит әндер грампластинкаларға жазылатын уақыттың әнін таңдады. Башқұрт әншісі Ян Лира «Ана туралы жырды» орындап, жүректерді тебірентті.

 

«Біз бүгінгі әндерімізді бір-бірімізге арнаймыз деп шештік. Ал, мен бүгінгі әнімді барлық қатысушының және өзімнің анама арнаймын», - дейді әнші.

 

Қазылар алқасының мүшесі Айбен Ерсой (Түркия):

 

- Сіз жоғарғы ноталарды да, төменгі ноталарды да өте анық айттыңыз. Өте жақсы естілді. Бірақ, бір байқағаным, ән салғанда микрофонды қос қолдап ұстап, барлық қуатты бір нүктеге жинап қоясыз. Негізі, бір қолмен ұстап, қуатыңызды халыққа да бөліп беру керек еді. Сонда өзіңіз де рахаттанар едіңіз. Осы бағдарламаны көргенде өзіңіз де оны байқарсыз. Мен кемшілік тапқым келіп отырған жоқ. Жақсы орындадыңыз, рахаттана тыңдадым.

Хабарламаларға жазылу