«Silk Way Star» жобасының мюзикл кеші Hit the Road Jack әнімен басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Silk Way Star» жобасының мюзикл кеші Hit the Road Jack әнімен басталды

12.11.2017

Тоғыз елдің мәдениетін тоғыстырған халықаралық «Silk Way Star» бәйгесінің бұл жолғы тақырыбы - әлемдік мюзикл.

Мюзикл кешін мұхиттың ар жағынан келген атақты ән бастады. Бұл әннің танымалдылығы сонша, ағылшынша бір ауыз сөз білмейтін адам да бұл әннің қайырмасын қосылып айтады. Дәл осындай танымал туындыны көрермен назарына Ян Лира ұсынды.

«Мен барлық уақытқа тән  Hit the Road Jack әнін айтамын. Ол өте қызықты, өзім сияқты жалынды әнді орындаймын. Көрерменге сол әсерді толық жеткізгім келеді. Барлығымен бір толқында орындап шығамын деп ойлаймын», - дейді башқұрт әншісі.

Қазылар алқасының мүшесі Захра Бадалбейли (Әзірбайжан):

 

- Ян, кешті өте жақсы жарқын қойылыммен ашып бердіңіз. Сан түрлі бояу, жап-жарық, ырғақты бастау болды. Осындай орындаудан, тембрден бір қысым болғандай көрінді. Сондықтан, маған кей жерде асыра сілтеп, кей жерде жеткізбей тастағандай көріндің. Ал, жалпылай алғанда құттықтаймын, қызықты орындау, көркем қойылым көрдім.

Хабарламаларға жазылу