«Silk Way Star» сахнасында Әзірбайжан аруы өзбек әнін шырқады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Silk Way Star» сахнасында Әзірбайжан аруы өзбек әнін шырқады

21.10.2017

Тоғыз елдің музыка жанкүйері тамашалайтын «Silk Way Star» жобасының сахнасына келесі болып Әзірбайжан елінің өкілі Efendi шықты. 

Әншінің айтуынша, Өзбекстан мәдениеті оны өте қатты қызықтырады. Соған байланысты зірбайжандық әнші бүгінгі жарыс күніне өзбекше ән дайындапты. Үшінші жарыс күні Efendi «Silk Way Star» сахнасында Муниса Ризаеваның «Yoringmane» әнін шырқады.

«Өткен эфирде менің қойылым ең керемет болды. Бірақ қазылар алқасы дұрыс бағаламады. Соған қарамастан, мен оңай берілмеймін», - дейді Әзірбайжан әншісі.

Қазылар алқасының мүшесі Мансур Ташматов (Өзбекстан):

- Орындау жаман емес. Бірақ бұл той әні. Әнде мәнсіз сөздер кездеседі. Бірақ, Efendi-дің тапсырмасы жақсы орындалғанын айтқым келеді. Ол Муниса Ризаевадан да жақсы орындады.

Естеріңізге сала кетейік, «SILK WAY STAR» халықаралық музыкалық байқауы «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан әр сенбі сағат 21:15-те эфирге шығатын болады.

Хабарламаларға жазылу