Efendi: Арманым - «Silk Way Star»-ды жаулап алу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Efendi: Арманым - «Silk Way Star»-ды жаулап алу

07.10.2017

«Silk Way Star» жобасы қатысушыларының бірі Әзірбайжан елінен келген 26 жастағы Efendi.

Әзірбайжандық әнші кәсіби сахнаға 17 жасында шыққан. Әнші «музыкам арқылы сөзбен жеткізе алмайтын ішкі сезімдер мен көңіл-күйін жеткізгім келеді», дейді.

Efendi «Еуровидение» байқауының іріктеу кезеңіне қатысып, үздік төрттік қатарына ілінген. Сонымен қатар, «Әзірбайжан Дауысы» жобасының үздік үштік қатарына жеткен.

Әзірбайжандық әнші қазір өзінің басты арманы «Silk Way Star»-ды жаулап алу екенін жасырмады. Ал, бүгінгі танысу кешінде ол әзірбайжан тілінде халық әні «Sari galin»-ді (қазақша «Сары келін») шырқады.

Башқұрт елінен келген қазылар алқасының мүшесі Вильдан Яруллин Efendi-дің орындауы мен дауыс диапозоны ұнағанын, сондай-ақ, сахна қойылымы да көңілінен шыққан айтты.

Айта кетейік, «SILK WAY STAR» халықаралық музыкалық байқауы «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан әр сенбі сағат 21:15-те эфирге шығатын болады.

Хабарламаларға жазылу