Фулин «Silk Way Star» сахнасында «Changed to the rhythm» әнін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фулин «Silk Way Star» сахнасында «Changed to the rhythm» әнін айтты

14.10.2017

Жұмыр жүректегі сезімді нотаға айналдырған әндер барлығымызды бағындыратыны анық. Дәл сондай әндердің бірімен бүгін Түркия елінен келген әнші Фулин өнер көрсетті.

Ол «Changed to the rhythm» атты әнді орындады.

Ырғақты әнімен құлақ құршынын қандырған Фулинге қазылар алқасының мүшесі Эльдар Гасимов (Әзірбайжан) орындау өте қатты ұнағанын айтты. Оның айтуынша, Фулиннің өнер көрсетуі өте жарқын болғанын және Фулиннің сахнаға деген ерекше махаббатын көргенін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, «SILK WAY STAR» халықаралық музыкалық байқауы «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан әр сенбі сағат 21:15-те эфирге шығатын болады.

Хабарламаларға жазылу