Бірінші «Silk Way Star» байқауының жеңімпазы - Омар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірінші «Silk Way Star» байқауының жеңімпазы - Омар

23.12.2017

Ұлы Жібек жолы бойындағы тоғыз елдің телетарихына айтулы үлес қосқан «Silk Way Star» байқауының жеңімпазы анықталды.

Ұлттық арна эфирінде үш жарым ай бойы көрсетілген мегажобаның бірінші жеңімпазы қырғыз елінің намысын қорғаған Омар атанды.

Аталған бағдарламаның соңғы шығарылымында Омар Қазақстан халқына, қырғыз жұртына ризалығын білдіріп, бұл тек өзінің ғана емес, бәрінің жеңісі екенін жеткізді.

Сонымен қатар, сахна төрінде тұрған Бірінші Халықаралық телевизиялық музыкалық «Silk Way Star» жобасының жұлдыздарына Ұлттық арна атынан арнайы дипломдар табысталды.

Хабарламаларға жазылу