Фулин: «Silk Way Star»-да үздік атанғым келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фулин: «Silk Way Star»-да үздік атанғым келеді

07.10.2017

«Silk Way Star» жобасына қатысушылардың бірі Түркия елінен келген Фулин. Кәсіби сахнада жүрген 5 жыл болған әнші үшін «Silk Way Star» шетелде қатысқан бірінші байқау. Ол мұнда үздік атану үшін елген. «Менің ойымша, бұл байқау мен үшін, басқа қатысушылар үшін ғана емес, сонымен қатар, телекөрермендер үшін, музыка сүйер қауым үшін тоғыз елдің бір жерге тоғысқан мәдениеті, тарихы және музыкасымен танысу мүмкіндігі. Бұл естен кетпес оқиға болады» - деді түрік әншісі. 

Алғашқы кезеңде «Simarik»әнін орындаған Фулинге Грузиялық қазылар алқасының мүшесі «Жақсы айтып шықтың, орындау техникаң да жаман емес. Маған өте ұнады» деген пікір білдірді.

Айта кетейік, «SILK WAY STAR» халықаралық музыкалық байқауы «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан әр сенбі сағат 21:15-те эфирге шығатын болады.

 

Хабарламаларға жазылу