Фулин суперхит «Қайда?» әнін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фулин суперхит «Қайда?» әнін айтты

03.12.2017

«Silk Way Star» жұлдыздары кезекті жарыс күніне Қазақстанның суперхит әндерін дайындап келді. Сонымен қатар, үміткерлер байқаудағы әріптестері жайлы сыр ашып, олар туралы ойларын айтты.

Тоғызыншы концерттің шымылдығын суперхит, супермиллионер әнмен Фулин түрді.

«Мен орындайтын әннің ішінде өз махаббатын іздеген кішкентай қыз бар. Бұл әнді мен сияқты өз бақытын іздеп жүрген жандарға арнаймын», деген әнші көрермендерге Ерке Есмаханның «Қайда?» әнін тарту етті.

Бүгін «Silk Way Star» қатысушылары бір-бірін сипаттайды. Мен туралы не айтады екен деп қызығушылық танытқан Фулин жайлы Саида «әртіс ең бірінші әдемі болуы керек. Ол әдемілік Фулинде бар. Мен оны сұлулардың қатарына қосамын. Сондай-ақ, Өзбекстанда оның тыңдармандары көп», деді.

Қазылар алқасының мүшесі Медеу Арынбаев:

- Фулин қазақтың бір ерке қызы болып кетті. Қазақстанға келіп, еркелеп жүрген қарындасым сияқты. Өзімнің қарындасымдай көремін. Табиғатың, болмысың, осылай болса керек. Өзгертудің қажеті жоқ. Өзгерудің, қиналудың қажеті жоқ. Сен еркелік үшін жаралған қызсың.

Хабарламаларға жазылу