Ауғанстанның Фарах провинциясында жойқын жарылыстан кемінде 34 адам қаза тапты
27-сі жараланған. Жарылғыш зат Қандағар-Герат автомагистраліне жасырылса керек. Оның бойымен жолаушылар автобусы өтіп бара жатқанда, бомба іске қосылған. Полицияның хабарлауынша, қаза тапқандардың көбі – әйелдер мен балалар.
Әзірге оқиғаға жауапкершілікті ешбір топ өз мойнына алмады.
«Талибан» мен «Даиш» содырлары ауған күштері мен бейбіт тұрғындарын күн сайын шабуылдап жатыр. Жарылыс бүгін АҚШ пен тәліптер арасындағы бейбіт келіссөздер қайта жалғасатыны хабарланар қарсаңында болды. Ол келісім аясында, Вашингтон өз әскерін Ауғанстаннан 2020 жылдың қарашасына дейін шығаруға ниетті.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Exit Рoll өкілі: Халықтың белсенділігі жоғары
23.08.2026, 14:16
ОСК азаматтардың белсенділігі бойынша ақпарат жариялады
23.08.2026, 14:14
«Дарбаза-Мақтаарал» теміржол құрылысы қарқынды жүргізілуде
23.08.2026, 14:11
Қазақстан әлемдегі бақытты елдер рейтингінде 33-орында
23.08.2026, 14:10
Маңғыстауда 267 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр
23.08.2026, 14:08
Жамбыл Жабаевтың отызға жуық ұрпағы Құрылтай сайлауында дауыс берді
23.08.2026, 14:08
Смағұл Елубай: Әр азамат өз болашағы үшін жауапкершілік танытуы керек
23.08.2026, 14:06
Жалпыұлттық онлайн-марафон 38 Уoutube-арнада көрсетіліп жатыр
23.08.2026, 14:05