Маңғыстауда 267 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр
Маңғыстауда 457 мыңнан астам дауыс беруші бар. Аймақта 267 сайлау учаскесі таңнан бері жұмыс істеуде. Әріптесім Аягөз Оралбайқызы Ақтау қаласындағы нөмірі 68-сайлау учаскесінен тікелей баланысқа шығып тұр, Аягөз, сайлаушылардың белсенділігі қалай?
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Қайырлы күн, әріптес, мен Ақтауда тұрғындар көп шоғырланған 16-шағын аудандағы сайлау учаскесінен байланысқа қосылып тұрмын, мұнда 2700 ге жуық дауыс беруші тіркелген. Сайлау барысы, тұрғындардың атсалысуы туралы учаске төрағасы Оразова Амангүл Жубатқызы айтып береді. Амангүл Жұбатқызы, қазіргі уақытқа дейін қанша тұрғын дауыс беріп үлгерді?
Амангүл Оразова, №68 сайлау учаскесінің төрағасы:
Осы уақытқа дауыс берушілердің 20 пайыз келді. Әлі де келіп жатыр. Бізде сайлаушылар саны – 2625. Оның ішінде денсаулығына байланысты келе алмай, үйден дауыс беруге 3 адам өтініш жазған болатын. Оларға біздің мамандар тасымалдаушы жәшікпен барып келді. Жалпы дауыс берушілер белсенді. Түстен кейін міне қайта көбейіп жатыр.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Тұшымды ақпаратыңызға рахмет! Бұл учаскеде сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы кабина мен бұрыш жасақталған. Олар емін-еркін келіп, таңдау жасай алады. Айта кетейін, облыстағы сайлау учаскелерінің басым бөлігі азаматтардың тіркелген мекенжайлары бойынша ашылған. Ал, тағы 12 уақытша учаске емдеу мекемелерінде, әскери бөлімдер мен мұнай-газ кен орындарында жұмыс істеуде.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Exit Рoll өкілі: Халықтың белсенділігі жоғары
23.08.2026, 14:16
ОСК азаматтардың белсенділігі бойынша ақпарат жариялады
23.08.2026, 14:14
«Дарбаза-Мақтаарал» теміржол құрылысы қарқынды жүргізілуде
23.08.2026, 14:11
Қазақстан әлемдегі бақытты елдер рейтингінде 33-орында
23.08.2026, 14:10
Жамбыл Жабаевтың отызға жуық ұрпағы Құрылтай сайлауында дауыс берді
23.08.2026, 14:08
Смағұл Елубай: Әр азамат өз болашағы үшін жауапкершілік танытуы керек
23.08.2026, 14:06
Жалпыұлттық онлайн-марафон 38 Уoutube-арнада көрсетіліп жатыр
23.08.2026, 14:05
«Ақ жол» партиясының төрағасы дауыс берді
23.08.2026, 14:04