Кабулде вице-президенттікке үміткер Амруллах Салехтің кеңсесіне жасалған шабуылдан кемінде 20 адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кабулде вице-президенттікке үміткер Амруллах Салехтің кеңсесіне жасалған шабуылдан кемінде 20 адам мерт болды

29.07.2019

Тағы 50 шақтысы жараланған.

Ғимарат алдында бомба жарылып, артынан үш содыр кеңсеге оқ жаудырды. Абырой болғанда, Салех жеңіл жараланып, аман қалған. Алты сағатқа созылған құтқару операциясы барысында, полиция 150-ден астам адамның өмірін сақтап қалды. Ал, содырлар тәртіп сақшыларымен қақтығыста қаза тапты.

Әзірге ешбір топ жауапкершілікті өз мойнына алмады. Оқиға елдің қазіргі президенті Ашраф Ғани мен оның қарсыласы Амруллах Салех сайлау алды науқанын жариялаған соң болды. Бұған дейін екі рет кейінге қалдырылған президенттік сайлау енді қыркүйектің 28-де өтеді деп жоспарланып отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу