Ауғанстанда 14 бомба жарылып, 123 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда 14 бомба жарылып, 123 адам жараланды

20.08.2019

Ауғанстанның Жалалабад қаласының мейрамханалары мен алаңдарында және базарларында 14 бомба жарылып, 123 адам жараланды. Шабуылдар ел тәуелсіздігінің 100 жылдығы мерекесі кезінде жасалған.

Әзірге ешқандай қарулы топ бұл қастандықтар үшін мойнына жауапкершілік алған жоқ. Дегенмен, Пәкістанмен шекаралас Жалалабадта «Талибан» да, «Даиш» та бар.

Айта кетсек, сенбі күні «Даиш» тобының жанкештісі Кабулде үйлену тойы кезінде өзін-өзі жарып, 63 адамды мерт қылып, 200-ге жуық тұрғынды жаралады.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу