Гонконгта шерушілер мен полиция қақтығысы тоқтамай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гонконгта шерушілер мен полиция қақтығысы тоқтамай тұр

13.06.2019

Демонстранттар, экстрадиция туралы заң мәселесі доғарылмайынша, шерулетуден тайынбайтынын білдірді. Олар көше қозғалысына кедергі келтіріп, жолдарды бөгеп тастаған.

 

Сондықтан, полиция көз жасаурататын газ, суатқыштар мен резеңке оқтарды қолдануға мәжбүр. Салдарынан кемінде 10 адам жараланды. Қақтығыстарға байланысты Парламент заң жобасын белгісіз мерзімге шегеріп тастады. Сонымен қатар, билік халықты сабырлық танытып, жол қозғалыстарына кедергі келтірмеуге шақырып отыр.

 

Айта кетсек, Гонконгта тұрғындар демалыс күндерінен бері экстрадиция заңына өзгеріс енгізуге қарсы наразылық білдіруде. Ол бойынша айыпты деп танылған азаматтар Қытайға жіберілуі тиіс.

 

Алайда тұрғындар, бұл Гонконг автономиясына кері әсерін тигізіп, дербестігін сақтап қалуға қауіп төндіреді дейді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу