Гонконгта қақтығыс кезінде ұсталған студент туралы тың дерек шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гонконгта қақтығыс кезінде ұсталған студент туралы тың дерек шықты

25.11.2019

Гонконгта қақтығыс кезінде ұсталған жерлесімізге қатысты жаңа дерек. Бүгін Сыртқы істер министрлігі Нүкпи Әбілқайырдың құқығын қорғайтын адвокаттың табылғанын мәлімдеді. 

Наразылық кезінде 4 мыңнан астам адам ұсталғандықтан, мұнда қорғаушы тапшы екенін бұған дейін дипломаттар айтқан еді. 19 жастағы студенттің ата-анасы да бүгін ғана Гонконгке жетіп, ұлдарымен көріскен. 

Баптист университетінде оқитын отандасымызға әзірге ресми айып тағылған жоқ. Ол 5 күн бұрын полицейлер мен шерушілер арасындағы қақтығыста ұсталған еді. Әрі кейбір ақпарат көздері шынтағы жараланған жерлесімізден бензин бомбасы, яғни Молотова коктейлінің табылғанын жазған. 

Жалпы, Гонконгта қақтығыс әлі жалғасып жатыр. Жақын күндері қазақстандық студенттердің тағы бір легі елге қайтарылмақ. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу