Ұлыбритания: Б.Джонсон Еуроодаққа 50 млрд долларды төлеуден бас тартпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания: Б.Джонсон Еуроодаққа 50 млрд долларды төлеуден бас тартпақ

10.06.2019

Ұлыбритания премьер-министрлігіне үміткер Борис Джонсон Еуроодаққа 50 млрд долларды төлеуден бас тартпақ

Бұл - Британияның Брексит келісімі бойынша берешегі. Кандидаттың айтуынша, одақпен ажырасу туралы екі тарапқа да қолайлы шарт жасалғанша, қарыз Брюссельге аударылмауы керек.

Біріккен Корольдік Еуропа одағынан 2019 жылы наурыздың 29-ында шығуы тиіс еді. Алайда жақында биліктен кететін премьер Тереза Мэй бұл туралы баршаның көңілінен шығатын пәтуа ұсына алмады. Сондықтан Ұлыбритания ол мақсатына жетпеді.

Джонсон шілдеде өтетін парламенттік сайлауда жеңіске жетіп, үкімет басшылығына келсе, елді қазанның 31-не дейін сол одақтан шығаруға уәде беріп отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу