Басты Жаңалықтар Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады

Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады

Ел болашағына қатысты маңызды шешімге Алматыдағы зиялы қауым өкілдері мен өнер майталмандары да үн қосты. Олар тұрғылықты жерге қарасты сайлау учаскелеріне барып, азаматтық ұстанымдарын білдіріп, өз таңдауларын жасады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Смағұл Елубай дауыс беру – ел болашағына деген азаматтық жауапкершіліктің көрінісі, дейді.  

Смағұл Елубай, жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

Әрбір Қазақстан азаматы өз болашағын таңдап жатыр. Ендеше, белсенді болу, өз болашағымызға жауапкерлікпен қарау әрбір азаматтың тікелей міндеті деп білем.

Ал жазушы Мереке Құлкенов ел өміріндегі маңызды сәтте азаматтық белсенділіктің айрықша мәнге ие екенін айтады.

Мереке Құлкенов, Жазушылар Одағының Төрағасы:

Қазақстанның жаңа құрылтайын сайлап жатырмыз. Бұл біздің болашағымыздың алғашқы бастауы. Осы Құрылтай арқылы біздің көптеген мәселелеріміз заң жүзінде де басқа мәселелерде де шешілетін болады.

Математика ғылымдарының докторы Асқар Жұмаділдаев Құрылтай депутаттарынан елдің дамуына үлес қоса алатын, білімі мен біліктілігі жоғары азаматтардан үміт күтетінін айтып отыр.

Асқар Жұмаділдаев, академик, математика ғылымдарының докторы:

Қазіргі жаңа Парламент жаман болмауы тиіс. Соның ішінде беделді, мықты, заңды білетін, экономиканы білетін, білімді-ғылымды білетін азаматтардың аз емес екенін мен байқадым. Мен барлықтарына сәттілік тілеймін.

Екі ғасырдың куәсі Бибігүл Төлегенова бұл жолы да елдік маңызы бар саяси науқаннан тыс қалмай, үйінен дауыс берді. Сөйтіп мұқым қазақтың мақтанышы, ұлттық өнердің алтын діңгегі өз таңдауын жасады.

Бибігүл Төлегенова, әнші, Қазақстанның Еңбек Ері:

Бұл сайлаудың ерекшелігі Құрылтай сайлаймыз. Біздің өзіміздің мемлекеттік құрылтайымыз болуы керек. Бүгінгі бастау өте дұрыс деп ойлаймын.

Нұрлан Байжігітұлы, имам:

Біз тарихи кезеңде тұрмыз бүгін. Бұл дауыс біздің адамзат, ұрпақ, арымыз, Конституция тіпті Жаратушы алдындағы борышымыз деп те айта аламын.

Осылайша әр адам халық тағдырын айқындайтын маңызды қадамды бірлесіп жасап отыр. Азаматтардың белсенділігі мен ел болашағына бей-жай қарамауы  қоғамның кемел келешекке ұмтылысын аңғартады, дейді танымал тұлғалар.


Бөлісу