Тоқсаннан асқан қариялар парашютпен секірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқсаннан асқан қариялар парашютпен секірді

07.06.2019

Францияның Нормандия жағалауында өткен шарада 90-нан асқан екі қария парашютпен секірді. Олар - британиялық соғыс ардагерлері. Осылайша қариялар Нормандияға британдық-америкалық әскердің қонғанына 75 жыл толуын атап өтті. 95 жастағы Гарри Рид және 94 жастағы Джок Хаттонды арнайы парашют полкінің сарбаздары сүйемелдеді. Олар жерге қонғаннан кейін алған әсерлерімен бөлісіп, соғыс жылдарындағы оқиғаларын еске алды.

Айта кетсек, 1944 жылы маусымның 6-ында Нормандия жағалауына британдық-америкалық әскердің қонуы басталды. Аталған шепте олар неміс әскерімен соғысты. Салдарынан 37 мың адам қаза тауып, 19 мыңы із-түзсіз жоғалып кеткен. Жыл сайын өтетін еске алу шарасына биыл бірқатар мемлекет басшылары қатысып, ардагерлерге тағзым етті.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу