Дағыстанда көпір опырылып, 4 машина суға құлап кетті
Дағыстанның Бежта ауылында көпір опырылып, 4 машина суға құлап кетті. Оқиға таңғы сағат 07:00-де болды. Болжам бойынша, қолдан жасалған көпір көліктердің салмағына шыдамаған. Ал, олардың иелері бұл уақытта жергілікті мешітте болыпты. Сонымен қатар, мамандар апатқа жасанды жолдың ескіруі де себеп болуы мүмкін екенін айтады. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, қазір оқиға орнында машиналарды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дегенмен, зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бас прокуратура: 7 адамға айыппұл салынды
23.08.2026, 22:00
Учаскенің жабылуына 2 сағатқа жуық уақыт бар
23.08.2026, 22:00
Түркияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 22:00
Дауыс берудің алдын ала қорытындысы
23.08.2026, 22:00
Ресейден тікелей қосылым: Сайлауда жастар белсенділік танытып жатыр
23.08.2026, 21:28
Прагадағы сайлау учаскесінде 200 адам тіркелген
23.08.2026, 21:00
Ауыл жұрты өз күшімен Ту тұғырын тұрғызды
23.08.2026, 21:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 21:00