Грекия ғалымдары мұхитқа түскен пластикті жеп, ыдыратуға қабілетті бактерияларды анықтады
Крит технологиялық университетінде «Идеонелла Сакаенсис» деп аталатын микробқа тәжірибе жүргізілген. Оған елдің екі түрлі жағажайынан табылған полиэтилен пакет пен азық-түлік қаптамасын дайындауға қажетті полистирол қолданылды. Бұл заттар екі құтыға салынып, оларға аталған бактерия қосылған. Ал, 5 айдан соң, мамандар полиэтиленнің салмағы 7 пайызға, ал полистирол 11 пайызға азайғанын байқады. Бұл – суды пластикпен ластанудан қорғауда таптырмас мүмкіндік дейді ғалымдар. Айта кетсек, жыл сайын дүниежүзілік мұхиттарға 8 миллион тонна пластик қоқыс төгіледі. Бұл су астында тіршілік ететін миллиондаған түрге қауіп төндіріп тұр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00