Huawei компаниясы АҚШ үкіметін сотқа берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Huawei компаниясы АҚШ үкіметін сотқа берді

29.05.2019

Трамп әкімшілігі америкалық фирмаларға Қытайдың осы ірі корпорациясына технологиялар мен компоненттер сатуға тыйым салып отыр. Huawei заңгерлері Ақ үйдің мұндай қадамы Құрама Штаттардың Конституциясына қайшы келеді дейді.

Алайда, ресми Вашингтонның мәліметінше, Қытай компаниясы өз телефондарын тұтынушыларды аңду үшін қолданғандықтан, мамырдың 16-да қара тізімге енгізілген. Содан кейін Huawei смартфондары Google-дің жаңартылған Android жүйесінен ажыратылды. Huawei өкілдері өздеріне тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарып келеді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу