Huawei Қазақстан теміржолын сандық жүйеге көшіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Huawei Қазақстан теміржолын сандық жүйеге көшіреді

28.02.2024

Huawei компаниясы Қазақстандағы теміржол саласын сандық жүйеге көшіруді бастап кетті. Бұл туралы «Ақорда» арнайы жобасына сұхбат берген Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директоры Чжао Сюй айтты. Компания жасанды интеллектінің көмегімен цифрлық басқару жүйесін енгізіп жатыр. Бұл тасымалдау уақытын қысқартып, негізсіз шығынды азайтуға ықпал етеді. Сонымен бірге «Huawei» ақпараттық-коммуникациялық технологиялар академиясында IT саласы бойынша қазақстандық мамандарды оқытуды да жоспарлап отыр.

Чжао Сюй, Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директоры:

Осы уақытқа дейін Қазақстанда іске асырған жобаларымыз қолдау тауып келеді. Қазақстан бойынша 18 млн-дай қолданушымыз бар. Басқару стратегиясын жоғары деңгейде құру арқылы ары қарай да бірігіп жұмыс жасайтынымызға сенімім мол. Цифрлық жүйені енгізу ісін келешекте табысты іске асыруға ниеттіміз. 

Хабарламаларға жазылу