АҚШ-та Huawei компаниясына айып тағылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та Huawei компаниясына айып тағылды

29.01.2019

АҚШ-тың Әділет министрлігі Huawei компаниясын алаяқтық үшін кінәлап отыр. Сондай-ақ, осы орган Қытайдың телекоммуникациялық алыбы мен оның қаржы директоры Мэн Ваньчжоуға бірнеше айып тақты. Солардың ішінде соттың әділ жүргізілуіне кедергі келтіріп, Иранмен бизнес жүргізу үшін АҚШ үкіметі мен банктеріне жалған ақпарат берді деген айыптар бар. Сонымен бірге,  Құрама Штаттар әкімшілігі Huawei Американың T-Mobile компаниясынан смарфтондардың жұмысын тексеретін технологияны ұрлады деп мәлімдеді. Дегенмен, қытайлық компания мен оның қаржы директоры өздеріне тағылған кінәларды жоққа шығарып отыр.

Айта кетсек, Мэн Ваньчжоу желтоқсанның 1-де ұсталып, кейін кепіл ақшаға босатылғаннан кейін оған электронды браслет тағылып, қазір Канадада тұрып жатыр. АҚШ Сауда министрлігінің мәлімдеуінше, Huawei-ге қатысты істің АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысын аяқтауға бағытталған келіссөздерге еш қатысы жоқ.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу