АҚШ Президентінің жақтастары Мексикамен арадағы шекараға қабырғаны өз күштерімен тұрғызуға кірісті
Сол үшін Дональд Трампты қолдаушылар қайырымдылық ұйымын құрып, оған екі аптада 22 миллион доллар жинаған. Қомақты қаржы Америкада кеңінен таралған краудфандинг жүйесі арқылы тартылды. Адамдар қорға 5 доллардан 10 мың долларға дейін жіберіп отырған.
Бұл науқан АҚШ Конгрессі шекаралық жобаға қаражат бөлуден бас тартқан соң басталды. Сондықтан, «Біз қабырғаны саламыз» деп аталатын ұйым жұмысты өз мойнына алып, құрылысты бастап кетті. Ол қабырға бұған дейін салынған дуалдың 30 шақырымдық екі бөлігін жалғастырады.
Компания басшылығының айтуынша, олар мигранттарға қарсы емес, бірақ ел қауіпсіздігі бәрінен жоғары тұруы керек.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бас прокуратура: 7 адамға айыппұл салынды
23.08.2026, 22:00
Учаскенің жабылуына 2 сағатқа жуық уақыт бар
23.08.2026, 22:00
Түркияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 22:00
Дауыс берудің алдын ала қорытындысы
23.08.2026, 22:00
Ресейден тікелей қосылым: Сайлауда жастар белсенділік танытып жатыр
23.08.2026, 21:28
Прагадағы сайлау учаскесінде 200 адам тіркелген
23.08.2026, 21:00
Ауыл жұрты өз күшімен Ту тұғырын тұрғызды
23.08.2026, 21:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 21:00