Чехияда әділет министріне қарсы шеру өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чехияда әділет министріне қарсы шеру өтіп жатыр

22.05.2019

Чехияда әділет министрі Мария Бенешоваға қарсы наразылық акциясы төртінші аптаға ұласты. Демонстранттар оны премьер-минстр Андрей Бабиштің жемқорлық бойынша қылмыстық ісіне ықпал етіп, қолдау білдірді деп айыптады. Сондықтан Вацлав алаңына жиналған 50 мыңдай адам министрдің отставкаға кетуін талап етіп отыр.

Айта кетсек, Андрей Бабиш алаяқтық және мемлекет қаржысын жымқыру бойынша күдікті деп танылды. Ал, биыл көктемде қызметке келген Бенешова үкімет басшысына тергеу жүргізілгенге дейін, оның депутаттық қол сұғылмаушылығын сақтап қалуға дауыс берген. Сондықтан бұл халықтың ашуын тудырып, олар министр қызметтен кетпейінше шерулетуден тайынбайтынын айтып отыр. Дегенмен, Бенешова өзіне тағылған айыптарды негізсіз деп, қызметтен кетпейтінін білдірді.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу