ХХІ ғасыр – ірі қалалар ғасыры - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ХХІ ғасыр – ірі қалалар ғасыры

17.05.2019

«Ауыл халқы қалаға көшу үрдісі - алдағы уақытта үдей түспесе, кемімейді». Бүгін, Астана экономикалық форумында «қолжетімді тұрғын үйдің қазіргі заманғы экожүйесін құрудағы мемлекеттің рөлі» атты сессия кезінде осы ой жиі айтылды. Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» ұйымдастырған пікірталасқа алыс-жуық шетелден сарапшылар қатысты.

Урбанизация. Бұл 21-ғасырдағы мемлекеттер алдында тұрған күрмеуі күрделі сұрақ. Астана экономикалық форумы аясында қалаларға түскен салмақты жеңілдету, қолжетімді баспана салуда жаңа құрылыс әдістерін енгізу жайы сөз болды.

Әнуар Омарқожаев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

 Бізге Сингапурдың тәжірибесі қолайлы. Кеше, Елбасы бұл ғасыр ірі қалалар ғасыр деп атап өтті. Алдағы 10-20 жылда адамзаттың көп бөлігі ірі қалаларда өмір сүрмек. Бұл орайда, Сингапурдың мысалы бізге өте маңызды.

2030 жылға қарай әр жан басына 30 шаршы метр тұрғын үймен қамту қажет. Елдегі баспана құрылысына жауапты «Бәйтерек» холдингі бұл орайда Сингапур, Түркия және Оңтүстік Кореяның тәжірибесіне жүгінбек.

 Яп Чинг Бенг, Сингапур ынтымақтастық кәсіпорнының жетекші консультанты:

Сингапурде жер тапшы. Сондықтан, біз әрбір метр жерді тиімді пайдаландық. Құрылыс саларда сапаға ерекше мән берілді.

 Ли Чае Кван, Корея Республикасының тұрғын үйіне кепілдік беру корпорациясының басқарма төрағасы:

Корей елі қолжетімді үй салу жайына екі жылдан бері мұқият мән бере бастады. Алдағы 5 жылда 1 млн адамды қолжетімді үймен қамту көзделген. Біз арзан үйлердің жайлы болуына да мүдделіміз.

Бұл жерде қазіргі заманғы қолжетімді тұрғын үй экожүйесін құрудағы мемлекеттің рөлі маңызды. Халықаралық тәжірибе құрылысқа жаңа талап қойды. Ең алдымен құрылысты жоспарлау түбегейлі өзгерді. Әрине, құрылыс саласын цифрландыру айналып өткен жоқ.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу