Мысыр үкіметі 2020 жылдың ортасынан елді жаңа астанадан басқаруды жоспарлап отыр
Мысыр үкіметі 2020 жылдың ортасынан елді жаңа астанадан басқаруды жоспарлап отыр. Ол Каирден 20 шақырымдай жерде орналасқан. Қазір құрылыс жұмыстарының 50 пайызы аяқталған. Алайда, 58 миллиард долларға бағаланған жоба қиындықтарға тап болып, экономикалық дағдарыстан кейін инвесторлардың біразы одан бас тартқан.
Сонымен қатар, ауқымды құрылыс жұмыстарында үнемі маман тапшылығы байқалып отыр. Дегенмен, билік шетелден қаржы тартып, жаңа астананы межеленген уақытта салып бітіруді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта Каир тұрғындарының саны 20 миллионға жеткен. Сондықтан, қалада көлік қатынасы қатты қиындап кеткен. Ал, жаңа қалада 2020 жылға қарай шамамен 6,5 миллион адам тұрады деген болжам бар.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейден тікелей қосылым: Сайлауда жастар белсенділік танытып жатыр
23.08.2026, 21:28
Онлайн марафон: «Цифрлы Қазақстан» ток-шоуы басталды
23.08.2026, 20:00
Жаңа автокөпір құрылысы басталды
23.08.2026, 20:00
1800-ге жуық байқаушы сайлау процесін бақылады
23.08.2026, 20:00
Байқаушылар дауыс беру талапқа сай өткенін айтты
23.08.2026, 20:00
Президент Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді
23.08.2026, 20:00
Шымкентте сайлау учаскелері жабылды
23.08.2026, 20:00
Сайлау учаскелері жабылды
23.08.2026, 20:00