АҚШ-тың Колорадо штатында мектептегі атысқа күдікті 2 оқушы ұсталды
АҚШ-тың Колорадо штатында мектептегі атысқа байланысты екі күдікті ұсталды. Олар - сол мектептің оқушылары. 18 жастағы Девон Эриксонға кісі өлтіру және қастандық жасау бойынша айыптар тағылды. Ал, екінші күдікті 18-ге толмағандықтан, оған кәмелеттік жасқа жетпегендердің ісі бойынша жауапкершілік жүктеледі. Айта кетсек, Денвер қаласындағы мектепте қаруланған екі жасөспірім сыныптастарына оқ атқан. Салдарынан 1 оқушы қаза тауып, сегізі жараланды. Қазір оқиға бойынша тергеу жүргізіліп, оның себептері анықталып жатыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейден тікелей қосылым: Сайлауда жастар белсенділік танытып жатыр
23.08.2026, 21:28
Онлайн марафон: «Цифрлы Қазақстан» ток-шоуы басталды
23.08.2026, 20:00
Жаңа автокөпір құрылысы басталды
23.08.2026, 20:00
1800-ге жуық байқаушы сайлау процесін бақылады
23.08.2026, 20:00
Байқаушылар дауыс беру талапқа сай өткенін айтты
23.08.2026, 20:00
Президент Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді
23.08.2026, 20:00
Шымкентте сайлау учаскелері жабылды
23.08.2026, 20:00
Сайлау учаскелері жабылды
23.08.2026, 20:00