Кабулде жойқын жарылыс болып, 12 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кабулде жойқын жарылыс болып, 12 адам зардап шекті

08.05.2019

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, оқиға қаладағы Шах-Нау ауданында болған. Соңғы мәліметтер бойынша, жарылысқа жауапкершілікті «Талибан» содырлары өз мойнына алды. Олар жыл сайын көктемде шабуылдар ұйымдастырады. Дегенмен, ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насрат Рахими бұл ауданда атыс-жарылыстар әлі басылмай тұрағанын айтты. Ал, екі апта бұрын тәліптер қала орталығындағы байланыс министрлігіне шабуыл жасап, кемінде 7 адамды мерт қылған еді.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу