Ресейде жарылғыш заттар дайындайтын зауытта жарылыс болып, 89 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде жарылғыш заттар дайындайтын зауытта жарылыс болып, 89 адам зардап шекті

03.06.2019

Ресейдің Дзержинск қаласындағы жарылғыш заттар дайындайтын зауытта жарылыс болып, 89 адам зардап шекті. Қазір олардың 16-сы ауруханада ем қабылдап жатыр.

Апат «Кристалл» деп аталатын мекеменің полимерлер цехінде болған. Технологиялық процесс барысындағы бірнеше жарылыстан кейін өрт шығып, шамамен 800 шаршы метр жер жанып кетті. Жарылыстың жойқын болғаны сонша - зауыт маңайындағы 180-нен астам ғимарат пен тұрғын үйлердің әйнектері сынған. Сондықтан жергілікті билік қала мен іргелес үш елді мекенде төтенше жағдай жариялады. Сонымен қатар, зардап шеккендерге материалды көмек көрсетілетінін айтты. Қазір тергеу комитеті қылмыстық іс қозғап, істің мән-жайын анықтап жатыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу