Қостанайда жарылыс болып, бір адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда жарылыс болып, бір адам зардап шекті

15.12.2023

Қостанайдағы тандыр жабатын орында 4 газ боллоны бірінен соң бірі жарылды. Оқиға орнында болған екі адамның бірі әйел адам дін аман, ал екіншісінің денесін 70 пайыз күйік шалған. 2003-ші жылғы ер адам ауруханаға жеткізілді. Олар алдымен тандыр пешті қыздырып жағып, сосын суықта тұрған алты газ балонын жылыту үшін оған жақындатып қояды. Соның салдарынан төрт газ балоны жарылған. Ал екеуі жарылыс дүмпуімен сыртқа ұшып кетіпті. Өрт барлығы 20 шаршы метр жерді шарпыды.

Дауренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу