Гватемала түрмелерінің бірінде атыс болып, 7 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гватемала түрмелерінің бірінде атыс болып, 7 адам қаза тапты

08.05.2019

Тағы 17-і жараланып, оларға медициналық көмек көрсетілген. Бұл туралы Павон түрмесінің ресми өкілдері хабарлады. Қазір билік темір торды қатаң бақылауға алды. Болжам бойынша, сотталғандар арасында жанжал туып, оның соңы атысқа ұласқан. Олардың қаруды қайдан алғаны беймәлім. Қазір оқиға бойынша тергеу жүргізіліп, істің мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетсек, аталған түрмеде 2016 жылы дәл осындай тәртіпсіздіктер болып, салдарынан 14 адам мерт болған.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу