Миннессотада атыс болып, 3 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Миннессотада атыс болып, 3 адам қаза тапты

19.02.2024

АҚШ-тың Миннессота штатының Бернсвилл қаласында атыстан екі полиция офицері мен бір фельдшер қаза тапты. Штат губернаторы Том Уольцтің мәлімдеуінше, олар «қауіпке душар болдық» деп хабарласқан отбасының үйіне көмекке барғанда оққа ұшқан. Тәртіп сақшылары мен дәрігерге шабуыл жасаған адамның өзі де, мерт болды. Бірақ оның қалай қайтыс болғаны әзірге белгісіз.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу