Хэллоуинді тойлау барысында атыс болып, 3 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хэллоуинді тойлау барысында атыс болып, 3 адам қаза тапты

30.10.2019

АҚШ-тың Калифорния штатында Хеллоуинді тойлау кешінде атыс болып, 3 адам қаза тапты. Тағы 9-ы жараланып, ауруханаға жеткізілген.

Оқиға Лонг-Бич қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Полицияның хабарлауынша, құрбандардың үшеуі де 20 жастағы жасөспірім. Көрші үйдегі тұрғындар «20-ға жуық атыс естідік» деп отыр. Олар бастапқыда бұл дыбыстарды мерекелік отшашу деп ойлап қалған.

Оқиғаға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Кейбір деректер бойынша, қылмысқа жауаптылар әлі де бостандықта жүр. Қазір құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп, куәгерлерден жауап алып жатыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу